Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күрт төмендейді

/uploads/thumbnail/20170708151144182_small.jpg
35a989248aa6ee62cb94b1270edced19 (1)

4-5 қаңтарда Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар , Қарағанды, ал 5-6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 30-35, кей жерлерде 38, күндіз 23-28, кей жерлерде 31 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі, - деп хабарлайды nur.kz. 4-6 қаңтарда Кызылорда облысында түнде 20-25, кей жерлерде 30, күндіз 15-20 болса, қайсыбір аудандарда 23 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін деп күтілуде. Ал 5-6 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде 15-20, кей жерлерде 25, күндіз 10-15, тіпті, кей жерлерде 18 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Астана қаласында 4-5 қаңтарда ауа температурасы түнде 31-33, күндіз 26-28 градус аязға  күрт төмендейді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар