Астанада оныншы сыныпта оқитын Темірлан Нәби атты оқушы жасанда бал жасап шығарды. Оның құрамы табиғи балдан кем түспейді деп хабарлайды 24 кз.
Бал - суық тиіп, ауырып қалғанда ем болады. Себебі, оның құрамына: су, қант, лимон қышқылы және аздаған эфир майы кіреді. «Мен жасап шығарған заттың құрамында зизифора бар. Ол ауырғанда көмектеседі» дейді жоғары сынып оқушысы. Мұндай затты жасау үшін жас химик бір жылдан астам уақыт жұмсаған екен. Республикалық комиссия балды ең керемет жұмыс деп бағалады. «Әрине табиғи балға жете қоймас, дегенмен, мұндай балды аллергиясы бар адамдар пайдаланса болады» деді өз кезегінде Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолданбалы химия саласының директоры Ерлан Сүлеймен.
Пікір қалдыру