Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың әйелі Ирина Элиманова қаржы пирамидасына 75 мың 980 доллар ақшасын салып жіберіп, құзырғы органдарға арыз түсірген. Артынша ақша өзінікі емес, сіңлісінікі екенін айтып, қылмыстық істегі өзінің жәбірленуші статусын өзгертіп алған. Элиманованың әрекетінде қылмыс белгілері болуы мүмкін. Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлім етті.
Журналист қазіргі уақытта Бостандық аудандық сотында ісі қаралық жатқан ITrade Consulting Group қаржы пирамидасы нысаналы аудиторияға жоғары пайыздар мен супер табыстар туралы әңгіме айтатынын, оның жетекшісі бірнеше рет сотталған Баян Якупова есімді келіншек екенін айтады.
Козачковтың баяндауынша, 9 келіншек Алматыдағы "Нұрлы Тау" бизнес-орталығынан офис, Қазақстанның өзге 5 қаласынан филиал ашады да пирамида жұмысын бастайды.
Жарнамаға сеніп, пирамидаға ақша салғандар арасында Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың әйелі Элиманова Ирина Викторовна да бар болып шығады. Ол қаржы ұйымына 75 мың 980 доллар салып жіберген. Пирамиданың қызметі әшкереленген соң Элиманова 30 маусымда полицияға арызданып, іс бойынша жәбірленуші болып танылады. Алайда сотқа келгісі келмей, сот процесі өзінің қатысуынсын өтуін сұрайды. Ал 4 шілдеде өзін сіңлісімен алмастыруды сұрап, ақша сіңлісінікі екенін, өзі тек ақшаны қаржы пирамидасының кеңсесіне апарып беруші ғана екенін, материалдық шығын сіңлісіне келгенін айтып қайта арызданады. Судья Роман Селицкий оның өтінішін еш қиындықсыз қанағаттандырады.
Михаил Козачков Ирина Элиманованың әрекеті қаржы пирамидасының салымшысы болғанын жасырғысы келген адамның әрекетіне ұқсайтынын атап өтіп, Элиманованың әрекетінде қылмыстық кодекстің 420-бабына сай "көрiнеу жалған айғақ беру" құрамы кездеспей ме, өйткені ол полицияны немесе сотты алдаған болып тұр ғой" деп сауал қояды.
Пікір қалдыру