Вайнерлер ісі: Сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

/image/2022/12/20/crop-80_34_360x640_113337893300.jpg

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасының ісінде күдікті деп танылған вайнерлерге қатысты сот отырысының қашан өтетіні белгілі болды. 

"Қылмыстық іс Алмалы ауданының қылмыстық істер жөніндегі сотында 21 желтоқсанда өтетін болады", - деп хабарлады Алматы соты.

Қаржы пирамидасын танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жарнамалаған. Сондай-ақ оларың әріптесі Әзімжан Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланған. 

Аталған іске барлығы 14 адамның қатысы бар. Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы түрлі үлеске арест қойылған.

2021 жылдың көктемінде қазақстандықтар Astex басшылығы мен оның серіктестерінің үстінен арыз жазып, полицияға жүгінген болатын. Жәбірленушілерге компанияның тендерлеріне ақшаны "айналдыру" ұсынылып, ай сайын жоғары пайыз уәде еткен. Бірақ соңында олар алданып қалған. Ұзамай компания басшылары қамауға алынды.

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов "Қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және басқару" бабы бойынша қылмыстық істе күдікті ретінде танылып отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар