Түркістан облысының 5 елдімекенінде сел жүріп жатыр. Синоптиктер су деңгейі көтерілетінін айтады

/image/2023/02/03/crop-22_26_523x929_fd5e8bb77d4233a41164f23b9da78c9f_1280x720.jpeg
 
Түркістан облысының Бәйдібек ауданында Шаян мен Шақпақ, Сауран ауданында Шаға, Созақ ауданының Шолаққорған ауылдарында және Арыс қаласында әлі де сел жүріп жатыр. Төтенше жағдай министрлігі аталған учаскелерде су бұру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Осы уақытқа дейін  13 000 бірлік құм салынған қап төселген. Жұмысқа Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан 430-дан астам адам, 70-ке жуық бірлік техника, 43 мотопомпа жұмылдырылған.

"ТЖД күшімен Кентау қаласындағы Қарнақ ауылының, Сауран, Бәйдібек аудандарының су басқан аула аумағынан 204 адам, оның ішінде 111 бала эвакуацияланды, 201 ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалды. Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдар Сауран ауданында 4 эвакуациялау пунктін дайындады. Облыстық және республикалық жедел штабтар қызмет көрсетуде. Облыстық және республикалық жедел штабтар базасында «Жедел желі» телефоны ашылды" делінген хабарламада.

"Қазгидромет" 3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын жауып, күннің жылынуынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін екенін хабарлады.

 

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар