2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтарының саны бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 4,5% өсіп, 180,9 мыңға жетті. Бұл үй шаруашылықтарында 1 млн адам тұрады, көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 2,9% көп. Бұл туралы Finprom.kz порталы хабарлады.
Салыстыру үшін: бір жыл бұрын осы кезеңде елде осындай төмен табысы бар 173,2 мың үй шаруашылығы (бір жылда 7,5% азайған) болған. Биылғы көрсеткіш былтырғы көрсеткіштен жоғары, бірақ 2020 жылғы «коронадағдарыс» кезінде ең жоғары көрсеткішке жеткен кездегіден төмен (187,2 мың үй шаруашылығы).
2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, еліміздегі 3,6 мың үй шаруашылығының (бір жылда 62,7% азайған) табысы азық-түлік себеті құнынан төмен болды. Бұл үй шаруашылықтарында 24,8 мың адам тұрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,2 есе аз.
Өңірлер бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтары Түркістан облысында ең көп: 25,4 мың, бір жылда 1% азайған. Сондай-ақ кедейлік шегінен төмен тұратын халық саны да осы өңірде: 191,1 мың адам.
Түркістан облысынан кейін ең нашар көрсеткіштер Алматы қаласы (15,9 мың үй шаруашылығы, бір жылда 3,1% азайған), Шымкент қаласы (14,6 мың үй шаруашылығы, 26% көбейген), Маңғыстау (12,9 мың үй шаруашылығы, 21,3% көбейген) және Ақмола (12,6 мың үй шаруашылығы, 28,7% көбейген) облыстарында.
Табысы аз үй шаруашылықтары ең аз өңірлер Ұлытау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында.
2022 жылдың үшінші тоқсанында жан басына шаққандағы орташа күнкөрістің ең төменгі деңгейі 46,7 мың теңгені құрады, бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 26,9% артық. Бұл ретте тұтынуға жұмсалған табыс 80,2 мың теңгені құрап, бір жыл ішінде 14,3% өсті. Тұтынуға пайдаланылған табыстың ең төменгі күнкөріс деңгейімен қатынасы ҚР-да орта есеппен 171,8%-ды құрады.
Тұтынуға пайдаланылған табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің қатынасы ең жоғары өңірлер Қарағанды облысы: 233,6%. Екінші және үшінші орындарда Солтүстік Қазақстан облысы (208,5%) және Алматы қаласы (206,7%).
Пікір қалдыру