Кеше Молдовадағы Кишинев қаласында оппозициялық топтар наразылық шеруіне шықты. Полиция шеру ресейлік арнайы қызметтің арандатуымен өтті деген күдікпен 7 адамды ұстады, деп жазады Dw.com.
Молдовада жарық пен жылу бағасының өсуіне байланысты дағдарыс болып жатыр. Наразы халық үкіметтен қыс айларында халықтың коммуналдық төлемдерін өтеу туралы бір тәулік ішінде жауап беруді талап етіп отыр. Олар полиция қоршауын бұзып өтіп, үкімет ғимаратының алдына дейін бармақ болған.
Еске сала кетейік, ақпан айында Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Молдованы басып алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Содан кейін Молдова президенті Майя Санду елдегі тұрақсыздыққа қауіп төніп тұрғанын және Ресей мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасауы мүмкін екенін ескертті.
Пікір қалдыру