Қазақты іштей үңгігісі келетін сырттан келген ауру бар. Бұл жұқпалы дерттің емі – Отанын, халқын, дінін қадірлеген патриотизм. Нағыз патриотизм – ұлтшылдық. Ұлтшылдық әрі-сәрі заманда ұлттың өмір сүруінің қорғаны мен дұшпанға тосар қалқаны. Ұлт сақталса ұлттық идея да туындайды. Мемлекеттік идеология ұлттық идеяның негізінде туындаса ғана өміршең. Өткен ғасырдың 80-жылдары жалындап келе жатқан ұлттық патриотизм «жаппай байыңдар» деген жалған ұранның жартасына соғылып, іштей ірітудің салдарынан қарқын-күшінен айырылды. Жемқорлыққа жол ашылып, сәл-пәл билікке отырғанда да онан биіктегілер де жебірліктің қаһарманы болып шыға келді. Әлі де болса ел сеніп отырған билік басындағы азаматтардың жемқорлықпен ұсталуы халықтың мемлекеттік билік жүйесіне сенбей қарауына әкеледі. Англияның премьер-министрі болған атақты У.Черчилл «Ұлы Британияның қасы да жоқ, досы да жоқ, ұлттық мүддесі ғана бар» деген екен. Ұлттық мүдде – Ұлттық рухтың аса биік көрінісі. Қазақтың әр азаматы ұлттық мүддені көздесе екен дейсің.
Кәмел Жүністегі,
жазушы, ҚР мәдениет қайраткері
«Ақиқат» журналының сайтынан алынды
Пікір қалдыру