Тұманбайға тағзым. Украина

/uploads/thumbnail/20170708200301310_small.jpg

Ертең  өлеңсүйер қауымның ерекше ықыласына бөленген, лирик ақын Тұманбай Молдағалиевтің дүниеден озған күні. Қазақтың сөз патшалығына мөлдір жырларымен қалтқысыз еңбек сіңірген ақынның өлеңдерін сүйегіне сөз қонған келешек оқырмандар да  ерекше ықыласпен қабылдайтын болады. Тұманбай Молдағалиевтің түңғыш өлеңі "Украина қызынадеген атпен  1954 жылы жарияланған. Сөз сабазына деген тағзыммен оның «Украина» деп аталатын өлеңін жариялағанды құп көрдік.

Шалқар көлді, көк өзенді,
Сен қандырдың кенеземді, Украина.
Бірге батты Днепрге батыр қазақ,
Түнде қақты терезеңді, Украина.

Қызыңа да ғашық болдым,
Бір көруге асық болдым, Украина.
Бір өкінбей өткен күнді көргенім жоқ,
Днепрдей тасып толдым, Украина.

Әніңменен әнім туыс,
Қаныңменен қаным туыс, Украина.
Менің еңсем биіктейді сені көрсем,
Жақын келсең жаным тыныш, Украина.

Киевіңді кием деймін,
Бір сыпайы күйеудеймін, Украина.
Қонақ болып болып келе қалсаң Алматыға,
Көпке дейін жібермеймін, Украина.

Тарасыңа таласым бар,
Сенде жиен, нағашым бар, Украина.
Қазақ жерін жатсынбайды жүректерің,
Қазақ десең қаласыңдар,Украина.

Көңіліңнен қаяу кетсін,
Жігіт елге ояу жетсін, Украина.
Бір қызыңды мінгестіріп жіберер ем.
Атқа мінбей жаяу кепсің, Украина.

Мәңгі маған дос ағам бол,
Төрім де бол, босағам бол, Украина.
Бөліскенше бөлісерміз бақ пен барды
Көріскенше қош аман бол, Украина.

Ат мінгізіп жібермедім
Ренжіме, Украина.
Хай живе, Украина
Хай живе, Украина!

Тұманбай Молдағалиев

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар