Қазақ хандығының құрылуы десе бар тарихшы, жазушы, ғалымдарымыздың ауызынан Қазақ хандығын Жәнібек пен Керей Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығып, Моғолстан ханы Есенбұғаның берген жерінде хандық құрды дегеннен ары аса алмайды. Негізігде ол тарихи кезеңді алып қарайтын болсақ, жарты әлемді билеген Алтын орданың сол кезде әлсіреп, ұлыс- ұлысқа, хандықтарға бөлініп, тіпті Әбілқайыр хандығының да Алытын ордаға заңды мұрагер болудан қалып бара жатқанын білген Жәнібек пен Керей үлкен саясатты өз қоларына алып, ұлы Алтын Орданы қайта жандандырмақ мақсатта Қазақ хандығын құрды. Хандықты құрды және өздері мен ұрпақтары Алтын Орданың негізгі бөлігін қайта қалпына келтіріп, бөлінген ұлыстар мен хандықтардың басын қосып Алтын ордаға заңды мұрагер бола алды. Сондықтан Қазақ хандығын Әбілқайыр хандығанан бөлініп шықты дей бермей, Алтын Орданы қайта қалпына келтіріп, мұрагерлік етті деген жөн болар.
Тұрдыбек Құрметхан
Пікір қалдыру