Қазақстанның қарулы күштері әлем бойынша 66- орында тұр

/uploads/thumbnail/20170708200331314_small.jpg

«Егер сіз қарудан бас тартсаңыз, соғысуға дайын болыңыз». Бұл ешқандай да тұжырым емес, таудай тұлға Юрий Цезарьдың сөзі. Әлемді жаулаған әміршінің әлгі дегені дерегінен әлі де айырылмады десек, қателеспейміз. Қаруы мықты елдер бір- бірімен мүйіздесіп жатыр. Сонда олардың қарулы мүмкіндіктері қаншалықты? Олар секілді азуымызды айға білеу үшін бізге не жетіспейді? Қанша уақыт қажет? Ол рас, осы тұста біздің елдің әскерінің бейбіт мақсатқа негізделген екенін де қаперге сала кетейік.

            Араға қанша мыңжылдық пен ғасырларды салсақ та, қаруы мықты елдің қауқары да, экономикасы да, әрі-беріден соң, саяси ықпалы да жоғары болып келеді. Кейінгі кездері әлемде орын алып жатқан саяси жағдайды сараптай келе «Қамшы» порталы әлемнің ең мықты қарулы державаларының тізбегін жасап көрді.

 

            Ал ендеше кеттік. Оныншы орында - Израиль

  • Халық саны: 7,9 млн адам
  • Дайын армия саны: 240 мың
  • Резервтегі армия: 60 мың
  • Соғыс техникасы: 13 мың бірлік
  • Теңіз әскери күші: 64 бірлік
  • Әуе қарулы күштері: 1964 бірлік
  • Армия бюджеті: жылына 15 млрд АҚШ доллары

 

            Тоғызыншы орында- Жапония

  • Халық саны: 127,8 миллион адам
  • Дайын армия саны: 270 мың
  • Резервтегі армия: 60 мың
  • Соғыс техникасы: 5320 бірлік
  • Теңіз әскери күші: 110 бірлік
  • Әуе қарулы күштері: 1965 бірлік
  • Армия бюджеті: жылына 58 млрд АҚШ доллары

 

            Сегізінші орында - Франция

  • Халық саны: 63,5 миллион адам
  • Дайын армия саны: 230 мың
  • Резервтегі армия: 70 мың + 105 мың полиция қызметкерлері
  • Соғыс техникасы: 10 мыңнан астам бірлік
  • Теңіз әскери күші: 289 бірлік
  • Әуе қарулы күштері: 1757 бірлік
  • Армия бюджеті: жылына 44 млрд АҚШ доллары

 

            Жетінші орында - Оңтүстік Корея

  • Халық саны: 48,95 миллион адам
  • Дайын армия саны: 640 мың
  • Резервтегі армия: 2 900 адам
  • Соғыс техникасы: 13 мың
  • Теңіз әскери күші: 170 бірлік
  • Әуе қарулы күштері: 1568 бірлік
  • Армия бюджеті: жылына 27 млрд АҚШ доллары

           

            Алтыншы орында-Түркия

  • Халық саны: 74,7  миллион адам
  • Дайын армия саны: 660 мың
  • Резервтегі армия: 597 мың адам
  • Соғыс техникасы: 70 мың
  • Теңіз әскери күші: 265 бірлік
  • Әуе қарулы күштері: 1940 бірлік
  • Армия бюджеті: жылына 25 млрд АҚШ доллары

 

            Бесінші орында- Англия

  • Халық саны: 62,2  миллион адам
  • Дайын армия саны: 220 мың
  • Резервтегі армия: 181 мың адам
  • Соғыс техникасы: 11,6 мың бірлік
  • Теңіз әскери күші: 99 бірлік
  • Әуе қарулы күштері: 1663 бірлік
  • Армия бюджеті: жылына 74 млрд АҚШ доллары

 

            Төртінші орында - Индия

  • Халық саны: 1,2  млрд  адам
  • Дайын армия саны: 1,325 млн адам
  • Резервтегі армия: 2, 142 млн адам
  • Соғыс техникасы: 12,5 мың бірлік
  • Теңіз әскери күші: 175 бірлік
  • Әуе қарулы күштері: 2452 бірлік
  • Армия бюджеті: жылына 48,9  млрд АҚШ доллары

 

            Үшінші орында Қытай

  • Халық саны: 1,35  млрд  адам
  • Дайын армия саны: 2,2  млн адам
  • Резервтегі армия: 800 мың адам
  • Соғыс техникасы: 57,5 мың бірлік
  • Теңіз әскери күші: 972 бірлік
  • Әуе қарулы күштері: 5176  бірлік
  • Армия бюджеті: жылына 106  млрд АҚШ доллары

 

            Екінші орында - Ресей

  • Халық саны: 143,1  миллион адам
  • Дайын армия саны: 1 млн адам
  • Резервтегі армия: 20 млн адам
  • Соғыс техникасы: 9 мың бірлік
  • Теңіз әскери күші: 223 бірлік
  • Әуе қарулы күштері: 2747 бірлік
  • Армия бюджеті: жылына 74 млрд АҚШ доллары

 

            Бірінші орында - АҚШ

  • Халық саны: 311 миллион адам
  • Дайын армия саны: 560 мың адам
  • Резервтегі армия: 567 мың адам
  • Соғыс техникасы: 56 мың бірлік
  • Теңіз әскери күші: 2384 бірлік
  • Әуе қарулы күштері: 18 234 бірлік
  • Армия бюджеті: жылына 692  млрд АҚШ доллары
  •  32 спутник пен 450 баллистикалық ракета

            Иә алғашқы ондықтың жай-күйі осындай. Global Firepower Index ұйымының армияның қуаттылығы жөніндегі  биылғы рейтингісі бойынша Орталық Азиядағы ең мықты қару күштері Өзбекстанға тиесілі екен. Олар 54 орынға табан тіреп отыр. Дәл осы санақ бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы күштері 66-шы орынға жайғасқан. Айта кетуіміз керек, осыдан бір жыл бұрын ғана ҚР ҚК бұл рейтингте 80 орында тұрған. Бұл оңалған түріміз. Сонымен қатар, Қырғызстан 78 орында, Түркменстан 90 орынға жайғасқан.

            P.S. Қанша дегенмен, Қазақстан ҚК-сіне жылына қанша қаржы бөлінетіні, оның құрамында қанша адам бар екені бізге беймәлім. Бұл туралы ешбір жерде хабарланбайды.

 

Аян МЕЙРАШ

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар