БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

/image/2023/07/05/crop-7_45_309x549_0s2a7111.jpg

Ел ішіндегі діни түйткілдердің бел ортасында жүрген 75 маман бүгін Нұр-Мүбарак университетінде бір айлық курсты тәмамдады. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетімен биыл 4-ші жыл қатарынан өткізген «Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалды көзқарастан арылту және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» курсында елдегі діни салаға қатысты теолог, исламтанушы, дінтанушы, имамдар білімін жетілдірді. Ай бойы 140 академиялық сағатқа негізделген 15 пәннен өз саласында білікті әрі жетекші мамандар, яғни Нұр-Мүбарак ЕИМУ, Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚМДБ, ҚР ҰҚК Академиясының тәжірибелі мамандары дәріс береді.

ауц

Курстың жабылу салтанатында проректор PhD доктор Қайрат Құрманабев: Мемлекет – баршамыздың ортақ үйіміз. Ел мен жер тұтастығы, дін тұрақтылығы, бейбіт қоғам қалыптастыруда, тіпті ол теолог болмаса да Қазақстанның әр азаматының міндеті. Болашақ үшін және қауіпсіз қоғамда өмір сүруге мүдделіміз. Қазіргі жаһандық кезеңде сын-қатерлер аз емес, уақыт өткен сайын жаңадан бой көтеріп отыруы заңды. Сондықтан бізге міндет жүктелгендіктен, діни тұрақтылыққа тікелей жауаптымыз. Осы мақсатта 4 жылдан бері курс ұйымдастырып келе жатқан ҚР АҚДМ Дін істер комитетіне, осы жобада қызмет етіп жатқан әрбір маманға алғысымызды білдіреміз,-деді. Сондай-ақ қазіргі кезең үнемі ізденіс пен жетілдіруді талап ететінін айта келе қатысушыларға алдағы уақытта да түрлі білім жетілдіру, біліктілікті арттыру курстарынан қол үзбеуге кеңес берді.

у

Ал жоба жетекшісі пед.ғ.к., қ.профессор Сұлу Исабаева биылғы курстың ерекшелігі барына тоқталды. Алдыңғы 3 жыл уақыттағы дәріс алушылардың сын-пікірлері ескеріліп, дәрістер жаңартылып отырғанын атап өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мамандар курстың соңғы салтанатында өз тәжірибелеріндегі көріністерден видеоролик жасап әрі арнайы қойылым ұсынды. Күмбірлеген домбырамен күй шертіп, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Салтанат соңында проректор Қ.Құрманабев сертификат табыстап, естелік суреттерге түсті. Курс қатысушылары да өз ризалықтарын жаудырып, гүл шоқтарын ұсынып, баталарын берді.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар