Алматы облысында Алматы тұрғыны ірі көлемдегі есірткі затымен ұсталды, -деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.
Полиция 38 жасар ер кісіні Алматы облысы Тұздыбастау елді мекеніне жақын тау шатқалдарында ұстаған. Оның велосипедіне тиелген екі қапшық өсімдік текті зат сараптама қорытындысы бойынша жабайы қарасора екені анықталды.
Күдікті есірткіні өзі қолдану үшін жинағанын, сату жоспары болмағанын айтып ақталған.
«Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 26 келіні құрайды. Аталған дерек бойынша Алматы облысы Талғар ауданы ІІБ-нда сотқа дейінгі тергеу тағайындалды, - делінген Алматы облысы ІІД таратқан хабарламада.
«Қамшы» сілтейді