Алдағы үш күн суық болады

/uploads/thumbnail/20170708200825487_small.jpg

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы өзгеріп күннің суытуы күтіледі, көптеген аймақтарда жел күшейіп, жауын-шашынды болады, батыс, солтүстік және орталықта қарға ұласып, таңғы сағаттарда тұман түседі,-деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазгидрометтің хабарлауынша, түнде солтүстік өңірлерде 0-5 жылыдан минус 3-11 аязға дейін, оңтүстіктің кей жерлерінде -5 аязға дейін суытады.

Ал күндіз  батыста   0+5, кей жерлерде +8+13°С дейін, солтүстік, шығыс және орталықта -5+2°С дейін;  оңтүстік және оңтүстік-шығыста +2+12°С аралығында болады.

Қатысты Мақалалар