Алматыдағы Саин көшесінде асфальт опырылып кетті

/uploads/thumbnail/20170708200828776_small.jpg

Бүгін таңертең Алматыдағы Саин мен Торайғыров көшелерінің қиылысындағы жол айрығында асфальт опырылып кетті. Соның салдарынан жол бойында диаметрі төрт метрге жететін шұңқыр пайда болды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Оқиға орнында «Алматы Су Холдинг» кәсіпорнының мамандары жұмыс істеуде. Олардың айтуынша асфальт опырылған жерде түнде су құбыры жарылған. Көшенің аталған бөлігінде жол қозғалысы шектелмеген. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының аяқталу мерзімі әзірге беймәлім.

 «Қамшы» сілтейді

 

 

Қатысты Мақалалар