Еуразиялық экономикалық одақтың шектеулері жүзеге асса елімізге Қытайдан әкелінетін жүк көліктерінің шиналары қымбаттауы мүмкін, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 365info-ға сілтеме жасап.
Ресей мен Белорусия кәсіпкерлері Еуразиялық экономикалық комиссияға одақ аумағына Қытайдан кіргізілетін жүк көліктерінің шиналарына кеден салығын арттыруды ұсынып отыр. Одақтық әріптестеріміз бұл ұсынысты өз өндірушілерін қолдау үшін жасауда. Егер ұсыныс жыл аяғына дейін комиссия тарапынан мақұлданса, Қытайдан келетін дөңгелектерге салынатын кедендік салық бес жыл мерзімге 44 пайызға өсуі мүмкін (қазіргі таңда оларға салынатын кедендік салық 10 пайызды құрайды).
Бұған дейін Ресей тарапының сұрауы бойынша қытайлық бульдозерлердің енуіне шектеу қойылған еді.