Алматыда мектеп мұғалімі жаңа сабақты рэп жанрында түсіндіріп берді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708200839830_small.JPG

 

Вконтакте желісіндегі «Есьже я приезжий» қауымдастығында Алматыдағы мектептердің бірінің тарих пәні мұғалімі «Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі» тақырыбын рэп үлгісінде айтып тұрғаны жазылған бейнежазба жарияланды, - деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мұғалім жаңа сабақты екі жарым минут ішінде оқушыларға «түсіндіріп» берген. Оқушылар мен әлеуметтік желі қолданушылары да мұғалімнің бұл ізденісін жоғары бағалауда. Бейнежазбаға қалдырылған пікірлердің бірінде мұғалім Алматыдағы №94 мектепте жұмыс істейтіні айтылған. 

 

 

 

Қатысты Мақалалар