Шығыс Қазақстанда Вконтакте әлеуметтік желісінде сператистік әрекет жасады деген күдікпен Риддер тұрғыны Игорь Сычев жауапқа тартылуда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Қалалық сот таратқан мәліметке сүйенсек, И. Сычев осы жылдың көктемінде Вконтакте желісінде топ ашып, «Риддер қаласында дауыс беру өтті деп елестетейік» деген сауалнама жүргізген. Онда оқырмандарға Шығыс Қазақстан облысының Ресей құрамына енуіне «йә» немесе «жоқ» деп дауыс беру ұсынылған.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ШҚО бойынша департаменті ҚР қылмыстық кодексінің 180-бабы (сепаратистік қызмет) бойынша қылмыстық іс қозғады. И. Сычев кінәсі сотта дәлелденсе 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.