Әнұранды қорлаған қай ақымақ?

/uploads/thumbnail/20170708200853746_small.png

Мемлекеттік нышандарымызды қолдан келгенше қорлау «дәстүрі» жалғасуда. Туымызды қап қылдық, киіз үйді күл салғыш еттік... Әнұран бір бөлек әңгіме. Үлкен жарыстарда көк байрағымыз көтерілетін сәтте «Бораттың әнін» немесе бұрынғы Әнұран ойналып жатады. Өкпемізді айтып тынамыз. Бірақ өз еліңнің Әнұранын өзің қорлау деген не сұмдық? Назарларыңызға мына бір видеоны ұсынамыз.

            Мемлекеттік нышандардың қолданылатын орны, орындау тәртібі заңды түрде бекітілген. Баланың шалалығы десеке те, ұстаздар не істеп отыр? Бұл мемлекеттік  нышанға ғана емес заңға да түкіру деген сөз.

            Заң тілі:

9-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау тәртібі

1. Мемлекеттік Гимн көпшілік алдында орындалған кезде қатысушылар оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары шет мемлекеттер аумағында іс-шаралар өткізген кезде Мемлекеттік Гимн осы Конституциялық заңға, сондай-ақ сол мемлекеттің заңнамасы мен протоколдық практикасына және жергілікті салт-дәстүрге сәйкес орындалады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты жағдайда көтеру және тігу кезінде Мемлекеттік Гимн орындалады, бұл ретте қатысушылар жүздерін Туға қарай бұрады.

2. Мемлекеттік Гимнді оркестр, хор, оркестр мен хор орындайды не ол өзге де вокалдық және аспаптық түрде орындалады. Бұл ретте дыбыс жазу құралдары пайдаланылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін ықшамдап орындауға жол беріледі.

 

Қатысты Мақалалар