Орал қаласында Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері пара алды деген күдікпен екі полицейді ұстаған.Бұл туралы «Қамшы» порталы оралдық «Мой город» порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Тінту кезінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері полицейлерден қалталарындағы жеке заттарын алып шығуды сұраған. Кейін полицейлердің бірінің балағын көтергенде шұлығының қонышынан ақша саулап түскен.