Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Өскемен қаласындағы қызметкерлері 85 жастағы қала тұрғыны Мария Балаганскаяны құжат жүзінде «өлтіріп тастаған», - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Орталық қызметкерлері зейнеткердің үйіне телефон соғып, Мария Балаганскаяның қайтыс болуына байланысты мемлекет тарапынан жерлеу шығыны үшін бөлінетін қаражат алу керектігін хабарлаған. Енді зейнеткер орталық қызметкерлеріне өзінің тірі екенін дәлелдей алмай дал болуда. Бұл дауға енді Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары араласып, құжаттарды қалпына келтіру жұмыстары жүруде.