Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында өтетін «Қасиеттім – Желтоқсан!» атты 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 29 жылдығына арналған жыр мүшайрасына шақырамыз!
Байқауды Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі 2015 жылдың 14 қыркүйегі мен 14 қараша аралығында ұйымдастырады. Жеңімпаздарды марапаттау Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы қаласында өтеді.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
- 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының мәнін, мазмұнын мектеп оқушылары арасында насихаттау;
- «Мәңгілік Ел» идеясына қол жеткізудегі жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу;
- Ұрпақтар сабақтастығын нығайту;
- Ұлттық тарихымыздың азалы да асқақ кезеңдерін еске ала отырып, отандық тарихты жастар арасында насихаттау;
- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында көрсетілген жаңа қазақстандық патриотизмді арттыру.
БАЙҚАУДЫҢ ШАРТЫ:
Алматы қаласының кез келген мектеп оқушысы қатыса алады. Өлеңдердің идеялық мазмұны мен көркемдік сапасына баса назар аударылады.
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ:
Үздіктерді қазылар алқасы анықтайтын болады. Байқау жеңімпаздары тағайындалған заттай жүлделермен және арнайы дипломдармен марапатталады.
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ:
Байқауға ұсынылатын шығармалар автор туралы қысқаша деректермен (аты-жөні, өмірбаяны, мекен-жай, телефоны) бірге «Бәйгеге» деген белгімен: tolepbergen74@mail.ru - электронды поштасына жіберілуі тиіс. Аталған электронды поштаға өлеңдер (туындылар 2-3 беттен аспауы керек, Times New Roman – мен, 14 шрифте терілуі тиіс) жіберілгеннен бастап, конкурсанттар байқауға қатысушы ретінде тіркеледі. Үздік деп танылған туындылар баспасөз бетінде жарияланатын болады.