Дамудың бір кепілі – қауіпсіздік

/uploads/thumbnail/20170708201004099_small.jpg

Қазақстан Республикасы­ның Тұңғыш Президенті – Ел­басы кітапханасында Қазіргі за­ман­дағы халықаралық қауіп­сіздіктің өзекті мәсе­лелері тақы­рыбында жиын ұйым­­дас­тырылып, онда Ресей­дің Халықаралық зерттеу­лер ғылыми орталығы (ПИР-орталық) даярлаған ядро­лық қауіпсіздік және ки­бер­қауіп­сіздік мәселелері бой­ын­ша сараптамалық баянда­малардың тұсаукесері өтті.

Жиынды ашқан аталған кітапхана директорының орынбасары Тимур Шаймергенов ядролық қауіпсіздік және кибер-қауіпсіздік мәселелері қазіргі таңда әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібінде тұрғандығымен өзекті екенін атап өте келе, жиында осы жайында маңызды ой-пікірлер ортаға салынатынын жеткізді. Қазақстан Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары Бақытжан Темірболат ядролық қарусыздану және киберқауіпсіздік мәселелері Қазақстан үшін өте маңызды екенін жеткізді.

«Бұл конференция БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясынан кейін өткізіліп отыруымен де айрықша. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау мәселесі төңірегінде бірқатар жаңа бастама көтерген болатын. Солардың бастысы – БҰҰ-ның Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын қабылдау. Демек, осындай сипаттағы конференциялардың Қазақстанда өткізілуі таңға­лар­лық жағдай емес. Себебі, сіздер қазақ жерінде 40 жылға жуық уақыт бойы ядролық сынақтар жүзеге асырылғанын білесіздер. Семей ядролық полигоны 18,5 мың шаршы шақырым аумақты алып жатты. Бірінші сынақ 1949 жылдың 29 тамызында жүзеге асырылды. 1953 жылдың 12 та­мызында полигонда алғашқы термоядролық құрылғы іске қосылды. Семей полигонында 1949-1989 жылдар аралығында 468 ядролық жарылыс жасалды. Адамзат үшін ядролық қарудың қандай қауіп төндіретінін осыдан да аңғаруға болады. Алайда, ядролық полигон Қазақстан Президентінің бастамасымен жабылды. Бұдан кейінгі жылдары Елбасы қаншама бастама көтерді.

Мәселен, Елбасының бас­тамасымен Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ жасау туралы келісімге қол қойылды. Алматы қала­сын­да Иранның ядролық бағ­дар­ламасы жөніндегі келіссөздер жүргізілді. Мұның барлығы үлкен және маңызды қадам», – деді Б. Темірболат.

Ресейдің ПИР-орталы­ғы­ның директоры Альберт Зуль­хариев 1994 жылы құрылған орталық бүгінде халықаралық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым болып саналатынын жеткізді. «ПИР-орталығының негізгі ғылыми-зерттеу бағ­дар­ламасы – ядролық қаруды таратпау бағдарламасы. Орталық бұл бағдарлама ая­сында бірқатар ғылыми-қол­данбалы жобаларды жүзеге асыруда. Мәселен, Иранның ядролық бағдарламасының даму жағдайы, Таяу Шығыста атом энергетикасының даму болашағы сынды мәселелер зерттеліп жатыр. Соңғы жылдары орталықтың басқа да жобалары жалғасын табуда. Солардың ішінде халықаралық ақпараттық қауіпсіздік пен интернеттің жаһандық деңгейде басқарылуына арналған жобада бар», – деді өз сөзінде А.Зульхариев.

Жиын барысында ПИР-орталығының «Интернеттің жа­һандық деңгейде бас­­қарылуы және ха­лық­ара­лық ақпараттық қау­іпс­із­дік» бағ­дарламасының үйлес­тіру­шісі Александра Куликова «Ақпараттық-комму­ни­ка­ция­лық технологиялар­ды қол­дану аясындағы қауіп­сіздік мә­селелері: әлемдік қоғам­дас­тықтың алдында тұр­ған қауіп-қатерлер» тақыры­бында баяндама жасады. Оның айтуын­ша, қазіргі таңда ин­тер­неттің жаһандық деңгей­де бас­қарылуы, адам құқы­ғын қорғау саласындағы мем­ле­ке­ттік және корпоративті сая­сат, киберкеңістіктегі дербес де­ректерді қорғау өте өзекті мә­се­лелер болып отыр­ғанын, сон­дықтан бұл орай­да, халық­аралық киберстра­тегия­лық бас­тамалар дұрыс жолға қойы­луы қажеттігін жеткізді.

Ал ПИР-орталығының «Ресей және ядролық қаруды та­ратпау» бағдарламасының үй­лестірушісі Андрей Бак­лицкий атом саласының даму проблемалары және ядролық қаруды таратпау төңірегінде өзінің ой-пайымымен бөлісті. «Жалпы алғанда, ядролық қаруды таратпау бағытындағы режім тетігі іске қосылып тұр. Алайда, ешкім бұған кепілдік бере алмайды. Яғни, бұл – егер, бір мемлекет ядролық қаруды қолданбаса, оны басқа елдер де қолданбайды деген сөз емес. Сондықтан, қазіргі уақытта атомдық қауіпсіздік мәселесі түбегейлі жаңа тәсілдерді қажет етеді», – деді А.Баклицкий.

Дереккөз: Егемен Қазақстан

Қатысты Мақалалар