Қазақтың зейнеткер ғылымы жаңа жүйеге үйрене алмай жатыр

/uploads/thumbnail/20170708201007208_small.png

Аға буынның қашанда өзінен кейінгілерге көңілі толмайтыны рас. Жастарды  сынауға, кемсітуге құштар болып тұрады. Сол секілді «қазіргі жастар сауатсыз»,- деп болашағымызға сенбейтіндер  де өте көп. Дұрыс- ақ, біз сауатсыз екенбіз. Сонда, олар неге біздің сауатымызды ашпады? Неге жол сілтеп, сауатты ұрпақтың сауатты қоғам қалыптаструына әрекет қылмады? Егер шынымен жастар сауатсыз болса, бірден-бір кінәлі аға буынның өзі болмақ.

Сауатты да білімді ұрпақ қалыптастырар білім ошақтарын қазір аға буын ғана емес, «ата буындар» иеленіп отыр. Сол аға буын мен «ата буынның» бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге қауқары мен талыпнысы туралы ойланып көрдіңіздер ме? Меніңше талпынысы жоқ сияқты. Тек мемлекеттің берген бағдарламасын орындап, өз міндеттерін өтеу ғана көрінеді.

Қазіргі қазақ ғылымын қарайтын болсаңыздар, бір ауыздан зейнеткер ғылым деуге болады. Ғылымда жол білімге емес, атақ- дәрежеге ашылған.  ЖОО-да кадр құрамында 0.75% ғылыми дәрежесі бар мұғалімдар болуы деген шарт бойынша 50% зейнеткерлерді ұстап отыр. Ал, зейнеткерлеріміз жаңа технологиялар мен ғылымның жаңалықтарынан бейхабар. Өйткені, олардың басым бөлігі ізденіс дәуірінен өтіп кеткен. Ізденбедің деп те кіналай алмаймыз. Сондықтан, олар 20 жылдың алдындағы өз бағдарламасы бойынша жүруге мәжбүр. Тәлімгеріне тек 20-30 жылдың алдындағы ғылымның «жемістерін» ғана бере алады. Бүгінді көрсетіп, ертеңге жол сілтей алмайды. Ақпараттық технологиялар күн санап жаңаруда, ал ұстазадарымыз 70-80 жылдардағы программаларды үйретіп әуре. Белгілі бір порграмманың қазіргі нұсқаларын емес, қолданыстан қалып қойған нұсқаларын көрсетіп үйретеді. Уиверситеттің бағадарламалық кешенінде жаңа нұсқалары тұрса да оны өшіріп, оларға көне нұсқаларын тауып, орнатып беруге мәжбүрсің. Жазған еңбектеріне қарсаңыз, басым бөлігінікі көшірме. Көшірмесін емес, көшірсін. Бірақ, орыс тіліндегі нәрсені қайта орыс тілінде көшірудің қажеті қанша? Жоқ дегенде, қазақша аударып қоюуына болады ғой. Орыс ғылымынан орысша көшіріп жүргендерден ағылшын және басқа да озық елдердің ғылымына үңілу туралы дәмеленудің де керегі жоқ. Енді ойлаңыз, бұндай ұстаздан қандай шәкірт шығарын...

Ал, жастар бірден ғылыми дәреже ала салмайтыны анық қой, тіпті шын еңбекпен ғылыми дәрежеге жететін жолдың өзі жабық. Жолын, амалын тапқандар ғана сол атаққа жетеді, жетпегені ғылым жолынан кетеді. Тек қажыры мен қайраты бар бірен-саран жас буын ғана өз жолымен, таза ғылымға барып, дәрежесін алып жатады. Бірақ, «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас»,- дегендей қолынан келер жақсылығы шамалы.

Тағы бір айтпаса болмайтын мәселе, ғылым тілі. Басқосулар мен ғылыми кеңестерде «Лениградтта оқып жүргенде»,- деп бастайтын ақсақалдардың сол қаладағы үйренген тілі біздің ғылымның тілі болып келе жатыр. Олар кетер, ғылым қалар дейтін шығармыз. Бірақ, қазіргі дайындап жатқан PhD докторларымыздың да қазақтың тілін білетіні шамалы. Сондықтан, ендігі уақытта PhD докторы болуға үміттілерге қазақ тілінен емтихан тапсыруды міндеттеу керек. Өйткені, қазақ көршіміздің ғылымына үлес қосатын ғалымдарды дайындауға міндетті емес.

Айтып - айтпай немене, ертеңімізді ойлағымыз келсе, ғылымымызды түзетуіміз керек. Ғылым жолында атаққа емес, білімге жол ашылуы керек. Ескі жүйені ұстанған ескі мұғалімдерді зейнетке шығарар уақытымыз жетті. Еліміз бәсекеге сай болуы үшін, қазақ ғылымы мен ұстаздар қауымы да бәсекеге сай болуы керек!

Құрметті аға буын, сауатты жастарды арттарыңыздан ерту үшін сіздер де үн қосыңыздар!

Бек Қаптағай

 

 

Қатысты Мақалалар