Іс-шараға Қазақстан Қарулы күштерінің қолбасшылығы, жаттығуға қатысушы елдер делегацияларының басшылары, Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері, ардагерлер, теңіз астанасының тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Жағалауға жиналғандар рейдте қазақстандық және әзірбайжандық әскери кемелерді кильватер сапта бақылай алды.
Амфитеатр алаңында бес қатысушы елдің Қарулы Күштерінің басқа бөлімшелері жаттығуға дайын екендіктерін көрсетті. Осы сәттің салтанаттылығы барлық жағынан сезілді: жауынгерлердің сымбатты қатарлары мен жабдықтарында, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан гимндерін кезекпен орындау кезінде туларды көтеруде.
Қорғаныс министрлігі басшылығының атынан "Бірлік-2024" оқу – жаттығуының басталуымен Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов қатысушыларды құттықтады.
Ол біздің елдеріміздің халықтары ата-бабалардың қаһармандық өткеніне және бір-біріне деген сеніміне негізделген тығыз, достық қарым-қатынастарды байланыстыратынын атап өтті.
"Орталық Азия өңірі мен Әзірбайжан Республикасының төрт елінің қарулы күштерінен әскери контингенттерді тарта отырып, оқу-жаттығу өткізу форматы алғаш рет қолданылуда. Бұл біздің мемлекеттеріміздің тату көршілік қатынастарды одан әрі кеңейтуге және нығайтуға, оның ішінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерінде ұмтылысын айғақтайды", – деп атап өтті министрдің бірінші орынбасары.
Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов оқу-жаттығу әскерлердің әскери басқару органдарының үйлесімділік деңгейін арттыратынын және заңсыз қарулы құралымдарды жою жөніндегі оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде қарулы күресті жүргізу тәсілдерін сынақтан өткізуге мүмкіндік беретінін айтты.
"Сізге табысты қатысу және барынша тиімді өзара іс-қимыл тілеймін. Сіздердің әрқайсыларыңыз елдеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ортақ күш – жігерде пайдалы болатын құнды тәжірибе мен білім алсын", - деп түйіндеді ол.
Іс-шара оқу-жаттығуға қатысушы елдердің әскери қызметшілері колонналарының салтанатты шеруімен және ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.
Пікір қалдыру