Теңгенің "көпір ақшаға" айналмауына кім кепіл?

/uploads/thumbnail/20170708151212083_small.jpg

2014 жылы 11 ақпаннан бастап ҚР Ұлттық банкі теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан бас тартты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"ҚазАқпарат" тілшісі Жасұлан Жолдыбаевтың хабарлауынша,  «Ұлттық банк теңге курсының жаңа бағамы 185 АҚШ доллары төңірегінде болады деп есептейді. Айырбас бағамының күрт жоғарылауын деңгейлестіру саясаты ары қарай жүргізіледі. Теңге курсының ұзақмерзімдік тренді, Ұлттық Банк бұған дейін хабарлағандай, фундаменталды ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларға қатысты болады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі айырбас пункттеріндегі шетел валютасын теңгеге сату-сатып алу бойынша мынадай дәлізді енгізеді: -АҚШ долларына - 2 теңге; -Еуроға - 3 теңге. «Айырбастау пунктері шетел валюталарына банктер тарапынан да, Ұлттық банк тарапынан да жеткілікті деңгейде қамтамасыз етіледі. Өңірлерде орналасқан екінші деңгейлі банктерінің филиалдарында шетел валюталарының жеткілікті қоры сақталған», делінеді хабарламада.

Ұлттық банктің хабарлауынша, теңгенің девальвациясы ұлттық валютаның сыртқы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға, ҚР экономикасының сыртқы тауарайналым тепе-теңдігін сақтауға және отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін жасалды».

fgf

Ал, басқа ақпарат көздеріне сүйенсек, Азаттықтың Астанадағы тілшісі Қазақстандағы екінші дәрежелі банктің бірінде долларға қатысты "сату - 180, сатып алу - 205 теңге" деп жазылғанын, кейбір банктерде доллардың құны әзірге көрсетілмегенін хабарлады. Азаттық тілшісінің айтуынша, кейбір валюта айырбастау пункттері жабық тұрғанын айтады.

Сонымен  қатар, көпшілік  арасында да  бұл жаңалыққа  наразылар  көп. "теңгемен жинаған депозиттерінің" шығыны туралы өкініш білдірген. "Facebook желісінде теңгемен берілетін жалақының доллар бағамымен қайта есептелмейтінін, доллармен алған қарыздарын қайтарудың енді қиындай түсетінін жазып жатқандар бар. Біреулер "девальвациядан кейінгі инфляция басталмай тұрғанда техника мен тауарларды ескі бағамен алып үлгеруге" кеңес берген.

Ал, енді біреулер "Теңгеміз құнсызданды. Ал біз "дизайны әдемі" деп мақтанамыз" деген кекесін пікірлер де  айтқан.

Түйін. Теңге күннен-күнге құнсызданып  барады. Теңгенің құны түскен сайын,  ішкі экономикамызға шетелдік салымдар бағамы артып  келеді. Бұл үрдіс нарық айдынынан теңгены ысырып  тастаудың  бір амалы  болмаса игі. Құны жоғалған теңге бірте-бірте "көпір ақшаға" айналмасына кім кепіл?

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар