100 000 теңге айлық алатындар 80 000 теңге аламыз деп есептей берсеңіздер болады. Негізі мұны барлығы күтті. Біздің мемлекет тауарларды импорттайтын болғандықтан теңгенің құлауы қымбатшылыққа алып келеді. Егер, эспорттайтын мемлекет болғанымызда бұл бізге тиімді болар еді. Мысалы, Оңтүстік Кореяның 1000 вонасы - 1 доллар. Бүгінгі девальвацияның негізгі себебі Ресей рублінің курсы. Бір кедендік аймақта болған соң, бізге де осындай қадам жасауға тура келді. Ресей Ұлттық Банкі рублді төмендету арқылы тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттырып жатыр. Ал енді экономика әртараптардыруы жүзеге аспай осылай девальвация бола ма, жоқ па деп жүргеніміз жүрген. Ал экономикалық газеттер оқитын азаматтар мұны білді. Қаңтардың өзінде доллар 5 теңгеге қымбаттады. "Капитал" газеті 30 қаңтар күні девальвация күтіңдер деген жақсы сараптамалық мақала жариялады. Оны оқыған ақшасы бар адам міндетті түрде доллар сатып алар еді. P.S. Доллары көп азаматтарды құттықтаймын! Жақсы сараптамалық экономикалық газеттерді жиі оқып тұрыңыздар!
Пікір қалдыру