- Әлеуметтік желіде сотталып жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кетті деген ақпарат тарауда. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр, - делінген хабарламада.
Қылмыстық тергеу комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
- Бұл жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз, - делінген ведомствоның жауабында.