РИА "Новости"-дың хабарлауынша, үкімет басшысы Сигэру Исибаның бірінші кабинеті 11 қыркүйек күні таңертең кезектен тыс жиналыста отставкаға кеткен болатын.
27 қазан күні Жапонияда парламенттің төменгі палатасына депутаттар сайланды. Оның нәтижесі бойынша биліктегі Либералдық-демократиялық партия мен оның коалициялық серіктесі - Комейто партиясы парламенттегі орындардың біразынан айырылып қалған болатын. Соған қарамастан Сигэру Исиба үкімет басшысы лауазымына қайта сайлануы әбден мүмкін. Бұл ретте парламентте дауыс беру екі турда өтуі ықтимал, өйткені бірде-бір кандидат бірден дауыстардың жартысынан көбін ала алмайды.
Исиба қайтадан премьер-министр болса, ол жаңа министрлер кабинетін құрады. Оның құрамы көп өзгеріске ұшырамайды деп күтілуде. Болжамға сай әділет, ауыл шаруашылығы және көлік министрлері ауысуы мүмкін. Осыдан кейін жаңа үкіметті император Нарухито бекітеді.
Жапонияда премьер-министр сайлауы бүгінге жоспарланған.
Пікір қалдыру