Алматыда із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті егістік алқабынан табылды

/image/2024/11/12/crop-59_1_142x252_779c1af27f2ee2ccb9f13e148ed428b20079fc01-900x400_0.jpg

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарасай ауданының Жібек ауылында тұратын 51 жастағы азаматтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Ол 2 қарашада үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Алматы облысының полициясы 9 қарашада Алмалыбақ ауылының маңынан ер адамның денесі табылғанын хабарлады. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Жедел-іздестіру шараларының барысында 9 қарашада Криминалды полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады", – деді ведомство.

Алдын-ала дерек бойынша марқұм ломбардта бағалаушы болып жұмыс істеген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар