- Жеке тұрғын үй секторы министрліктің бақылауына жатпайтынын, тек аула аралау кезінде ұсыныстармен ғана шектелетінімізді атап өткім келеді. Оған қоса, көп жағдайда халық үйлеріне бас сұқтырмай, кеңес алудан бас тартады, - деді Шыңғыс Әрінов.
Бірақ сала мамандары маңызды ақпаратт халыққа SMS-хабарламалар, мүлік иелерінің бірлестіктерінің чаттары арқылы жолдап отырған көрінеді.
- Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлер мен адамдар көп жиналатын объектілерді пайдалануға қабылдау өкілеттіктерін министрлікке беру мәселесін шешіп жатырмыз, - деді ведомство басшысы.
Пікір қалдыру