Алматыда жол бойындағы автотұрақтар тегін болмақ

/uploads/thumbnail/20170708201209741_small.JPG

1 қарашадан бастап Алматыда жол бойындағы автотұрақтар тегін болмақ. Бұл туралы «Қамшы» порталы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мұндай шешім Алматы әкімдігінде қаладағы автотұрақ инфрақұрылымын дамыту мәселелерін қарастырған жиында қабылданған. Бұған тротуар типтес тұрақтарды пайдаланушы кәсіпорынның келісім-шарт талаптарын орындамауы және бірқатар салықтық заңнамалар талаптарының бұзуылуы себеп болған.

Әкімдік келесі жылы ақылы автотұрақтардың біріңғай жүйесін енгізбекші. Сондықтан, 2016 жылдың 1 мамырына дейін, яғни жаңа жүйе енгенше алматылықтар жол бойындағы тұрақтарды тегін пайдаланатын болады.

Сондай-ақ, әкімдіктегілер 1 қаращадан бастап тұрақтарға ақша талап ету деректері бойынша «109» қызметінің сенім телефонына хабарлауды сұрайды. Бірақ, аталған тыйымның сауда орталықтары, әуежай, вокзал маңындағы, тағы басқа жеке меншік нысан аумағындағы автотұрақтарға қатысы жоқ екенін еске саламыз. 

Қатысты Мақалалар