Риддерде сепаратизмге шақырған блогердің соты басталды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708201208444_small.jpg

Риддер қаласында әлеуметтік желі арқылы сепаратизмге шақырған В. Свчевтің соты басталды, - деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық порталы 31-арнаға сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғыны Игорь Сычев Вконтакте әлеуметтік желісінде парақша ашып, онда «Шығыс Қазақстанды Ресей Федерациясының құрамына қосу туралы референдум өтсе, қалай дауыс бересіздер?» деген тақырыппен сауалдама жүргізген.

Бұл оқиға бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ШҚО бойынша департаменті ҚР қылмыстық кодексінің 180-бабы (сепаратистік қызмет) бойынша қылмыстық іс қозғады. И. Сычев кінәсі сотта дәлелденсе, 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Келесі сот отырысы 30 қарашаға жоспарланып отыр.

Қатысты Мақалалар