«Экономика казинодағы ойын емес»

/uploads/thumbnail/20170708201207741_small.jpg

Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов алдағы үш-бес айда валюталық бағамның тұрақталатынын айтты. Бұл туралы «Қамшы» порталы  КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Сонымен қатар, ол қазақстандық банктерді мас жүргізушілермен салыстырып, экономиканың казинодағы ойын емес екендігін еске салды.

Ұлттық банктің болжамынша, алдағы жылы доллар бағамы 250-270 теңге аралығында болады. Келімбетов бүгінгі курсты да тұрақты деп есептейді.  Бас банкир қазақстандықтарды ұлттық валютаға сенуге шақырды.

Сонымен қатар, Келімбетовтің ойынша, еліміз еркін ауытқу бағамына дер кезінде өткен. Ол кей банктердің жаңа экономикалық саясатты қате қабылдағанын жеткізді.

"Доллар бағамы 300 теңге болғанда біз араласу керегін түсіндік. Бұл біздің міндетіміз. Бұл сағатына 200 шақырым жылдамдықпен келе жатқан жүргізушіні көрген полицей сияқты. Біз осы жол қозғалысының басты реттеушісіміз. Бұлай етуге біздің құқығымыз бар", - деді Келімбетов.


 

Қатысты Мақалалар