Чжэцзян университетінің профессоры Се Цзоши елдегі гендерлік қиындықтарды шешу үшін кедей еркектерге келіншектерімен бөлісуді ұсынып, қызу пікір-талас туғызды. Бұл туралы «Қамшы» порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінгі таңда Қытайдағы ерлер мен әйелдер санының ара- қатынасы орта есеппен 100 қызға 118 жігіттен келетінін көрсетіп отыр. Ұзақ жылға созылған «Бір отбасы – бір бала» саясатының салдарынан туған бұл жағдай әлемдегі жыныстық алшақтықтың үлкен көрсеткіші болып саналады.
Ғалымның айтуынша, жағда осылай жалғаса берсе, Қытайда 2020 жылға қарай бойдақтардың саны 40 миллионға жетуі мүмкін. Экономист-ғалым, сонымен қатар, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африка елдерінен де «қалыңдық айттыруды» қарастыру керектігін ұсынған.
Алайда, Се Цзошидің бұл ұсынысы әйел құқын қорғау жөніндегі ұйымдардың қатты наразылығына тап болды.