Ермек Көшербаев Премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

/uploads/thumbnail/20250214162546897_big.webp

Ермек Көшербаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылғы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген.

C.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988) Тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1991-04.1993) халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады, дипломат.

Қазақ, орыс, ағылшын, корей тілдерін меңгерген.

Мансабы:

ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы (08.1988-09.1988);

Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (09.1988-10.1989);

 

Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің баспа және ақпарат бөлімінің бірінші хатшысы (11.1989-06.1990);

Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің консулдық бөлімінің бірінші хатшысы (06.1990-09.1991);

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Азия елдері басқармасының бірінші хатшысы (05.1993-08.1993);

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы (08.1993-12.1993);

 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім меңгерушісі (12.1993-06.1994);

Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты (06.1994-01.1996);

Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы (01.1996-04.1996);

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Швейцария Конфедерациясы Берн қ. (04.1996-08.1997);

Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы (08.1997-10.1997);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі (10.1997-11.1999);

«Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» қоғамдық қорының коммерциялық және жалпы сұрақтар бойынша директорының орынбасары (01.2000-05.2000);

«Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» қоғамдық қоры директорының бірінші орынбасары (05.2000-10.2000);

«ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы жабық акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің басшысы (10.2000-01.2001);

«ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (01.2001-06.2001);

«Мұнай мен газ тасымалы» Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының аппарат басшысы (06.2001-03.2002);

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (03.2002-01.2003);

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының бірінші вице-президент кеңесшісі (01.2003-03.2003);

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (01.2003-12.2003);

«Рауан Медиа Групп» акционерлік қоғамының бас директоры (12.2003-05.2004);

«Отан» Республикалық саяси партиясының орталық аппарат басшысының бірінші орынбасары (05.2004-08.2004);

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (08.2004-04.2005);

«Атамекен жалпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының бірінші орынбасары (04.2005-05.2006);

«Отан» Республикалық саяси партиясының орталық аппарат басшысы (05.2006-02.2007);

«Беркут» қаржы өнеркәсіп тобы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Астана қ. (02.2007-07.2007);

«KazEnergy» Қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының атқарушы директоры, Астана қ. (11.2007-04.2008);

«Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас продюсері, Астана қ. (04.2008-05.2008);

«Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас директоры, Астана қ. (05.2008-02.2009);

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Семей қ. (02.2009-07.2010);

Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы (07.2010-09.2010);

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (09.2010-10.2012);

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (10.2012-12.2014);

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі (12.2014-10.2016);

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы (10.2016-05.2018);

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (05.2018-01.2019);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (01.2019-01.2020);

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.2020-16.06.2023);

2023 жылғы 16 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрмет атақтары: «Құрмет» Ордені (12.2018)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар