Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметінен кетіп, жаңа лауазымға тағайындалды

/uploads/thumbnail/20250214154932652_big.webp

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды. Ол мемлекет басшысының көмекшісі лауазымына тағайындалды.

Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды.

"Тамара Дүйсенова бұрын атқарған қызметінен босатылып, президенттің көмекшісі лауазымына тағайындалсын", –делінген жарлық мәтінінде.

Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Сарыағаш қаласындағы Ильич атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. Әр жылдары экономист, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

  • 2002-2006 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
  • 2013-2014 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарды;
  • Содан кейін ол үш жыл Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметін атқарды;
  • 2019-2020 жылдары – Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесшісі;
  • 2020-2022 жылдары – Қазақстан президентінің көмекшісі – президент әкімшілігінің өтініштерді қарау мониторингі бөлімінің меңгерушісі;
  • 2023 жылғы 8 маусымнан бастап премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • 2023 жылғы 2 қыркүйекте Дүйсенова Еңбек министрі қызметінен босатылды.

Ол премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар