Сара Назарбаева тірі: Қайтыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды

/uploads/thumbnail/20250514171406850_big.webp

Бүгін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жөнінде ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай  бүгін тараған қауесеттерге ресми түрде жауап берді. Оның айтуынша, Сара Назарбаева қазір ауруханада ем қабылдап жатыр, алайда оның қайтыс болғаны туралы ақпарат — жалған.

«Әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде тарап жатқан Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмірден озғаны туралы хабарламалар шындыққа сәйкес келмейді. Ол қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында, жағдайы туралы толық ақпарат ресми органдар арқылы берілетін болады», — деді Үкібай.

Сондай-ақ, баспасөз хатшысы азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға және тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырды.

Еске салсақ, мұндай ақпарат былтыр да тараған болатын.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар