Қырғызстаннан жылқы кіргізбек болған

/uploads/thumbnail/20170708201521181_small.jpg

Бұған дейін айыр қалпақты ағайыннан темір тұлпар тасу сәнге айналса, енді кей пысықайлар көршінің жылқысын да барымталауға кіріскен сыңайлы. ҰҚК Шекара қызметінің Тараз шекара отрядына қарасты «Гранитогорск» уақытша бекетінің шекарашылары белгісіз адамдардың Қырғыз Республикасынан біздің елімізге қарай 10 жылқыны өткізбек болған қимылдарының жолын кесті, деп хабарлайды «Қамшы» порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Алайда, мемлекеттік шекараның жүріп-тұруы қиын ауданында тұрып, шекарашылардың қимылын бақылаған белгісіз адамдар Қырғызстан аумағына қарай қашып бой тасалаған. Қазір оларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, ұрланған жылқылар уақытша бекеттің аумағында тұр. 

Қатысты Мақалалар