Отандық медицина жүйесі де Еуразиялық одақ талаптарына сәйкестендірілмек (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708201520416_small.jpg

Елімізде медицина саласын күрделі өзгерістер күтуде. Енді Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрігерлер ортақ жүйе бойынша дайындалады. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Алматы» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ келер жылы бес мемлекет мамандары бірігіп, студенттер үшін арнайы оқулық шығармақшы. Қазақстанда медбикелер жұмысы халықаралық стандартқа сай келмейді. Мұндай тоқтамға алматылық жоғарғы оқу орны емханалардың бірінде шетелдік мамандармен тексеру жүргізу барасында келді.

"Жалпы келешекте жұмыстар бойынша қай мәселелер бар соны талқылай отырып, оқу-әдістемелік жұмыстар жасалынады. Содан ары қарай халықаралық стандартқа сай ету үшін жұмыс жасаймыз. Келесі 2016-2017 жылдарда жалғасады", - деді Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің ректоры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғыз Республикасы мен Әзірбайжан медицина саласындағы қордаланған мәселелерді енді орталық кеңесте талқылайды. Тікелей денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында болатын құрылымды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мамандары ашуды ұсынды. 

 

Қатысты Мақалалар