Таразда өзін-өзі өртеген жігітті видеоға түсіргендер ұсталды

/uploads/thumbnail/20170708201526666_small.JPEG

Таразда өзін-өзі өртеген 20 жастағы Ерлан Бектібаевты видеоға түсіріп тұрғандарды полиция ұстады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық ІІД таратқан хабарламада видеоға түсіргендердің қазіргі уақытта аты-жөндерінің анықталып жатқаны айтылған.  

Еске салайық, 20 жастағы жігіт 24 қазанда Тараздың орталық алаңында "Нұр Отан" партиясының филиалының ғимаратына жүгіріп, сағат шамамен 10.30-да өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Алған жарақатынан ер адам қалалық ауруханада көз жұмды. Өртеу алдында ол қалыптасқан жағдайға полиция қызметкерінің кінәлі екенін хабарлады. Бұдан кейін "Нұр Отан" партиясының өкілдері Тараздағы өзін-өзі өртеу оқиғасына түсінік берген болатын.
 

Қатысты Мақалалар