Бұл туралы «Қамшы» порталы Алматы қалалық ІІД-і баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада полиция қызметкерлері автокөліктерді рұқсат етілмеген жерлерге қоюмен күресті күшейтетіні айтылған. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, бүгінде Алматы қаласында 555 мың автокөлік тіркелсе, тағы күн сайын 300 мыңнан астам көлік басқа қалалардан кіреді. Мұның барлығы жол қозғалысы мен қауіпсіздігі, көліктер легінің толастамауына ықпал етеді. Азаматтардың жолдағы қауіпсіздігі мен көлік кептелістерінің алдын алуда автотұрақ мәселесін үйлестірудің маңызы ерекше.
ІІД-і таратқан хабарламада сондай-ақ, жыл басынан бері аталған құқықбұзушылық түрі бойынша 4 509 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айтылады. Бүгінде, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 597-бабы бойынша, арнайы рұқсат етілмеген орынға көлік қойғаны үшін 10-нан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.