Қостанайда полицей төрт жыл бойы есірткі сатушыларды қорғап келген

/uploads/thumbnail/20170708201532166_small.jpg

Қостанай облысының ауданаралық арнайы мамандандырылған қылмыстық соты криминалды полиция басқармасының шенді қызметкері Бауыржан Сыздықовқа қатысты үкім шығарды. Бқл туралы «Қамшы» порталы Alau.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Б.Сыздықов 2010 жылдан бастап Қостанай қалалық ІІБ-і криминалды полициясында жедел іздестіру бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтың героин сатуына еш кедергі келтірмеген және бұл әрекеті үшін қылмыскерлерден сыйақы алып отырған.

2008-2012 жылдар аралығында Сыздықов өз қызметін асыра пайдалана отырып, өңірдегі ұйымдасқан қылмыстық топтың серкелеріне көмегін тигізіп келген. Ол героин саудасына көз жұма қарағаны үшін қылмыстық топтың әрбір мүшесінен 50-100 мың теңге көлемінде сыйақы алып отырған.

2012 жылдың шілдесінде полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кеседі. Алайда, топ жетекшісі Киселев Сыздықовқа өтінішпен шыққаннан кейін, бұл істің беті жабылған. Осы қызметі үшін Сыздықов бар болғаны 20 мың теңге көлемінде сыйақы алыпты.

Дегенмен, 2014 жылдың қаңтарында құқық қорғаушылар есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топтың жолын ақыры кесті. Топтың алты өкілімен бірге түрмеге 10 полицей де жабылған. Олар қылмыскерлерге көмек көрсеткен деп айыпталды.

Ал, Бауыржан Сыздықовқа судья үкімді кешегі апта оқыды. Ол енді алдағы 5 жылын жалпы режимдегі түзеу колониясында өткізеді. 

 

Қатысты Мақалалар