Жаңадан күшіне енген қылмыстық-атқару кодексі талаптарына сай елімізде 300-ге жуық сотталған азамат өтелмеген мерзімі үшін айыппұл төлеп бостандыққа шықты. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Соттар бас бостандығынан айыру жазасын басқа жұмсақ жазамен алмастыру туралы өтініштерді қаратырғанда осы айыппұл төлеп босату нормаларына көп жүгінуде. Биыл республика бойынша үш жүздей сотталған азаматтың өтелмеген жаза мерзімі айыппұлға алмастырылды және бостандыққа шықты. Бұл шара негізінен жеңіл қылмыс жасағандар мен қылмыс келтірген шығындарды толық өтегендерге қатысты қолданылды» делінген ҚАЖК хабарламасында.
Заңнамаға сәйкес, сотталған азаматтар өзіне кесілген мерзімнің белгілі-бір бөлігін өтеген соң шартты-мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады. Жазаны алмастыру сот үкімімен шешіледі.