«АрселорМиттал Теміртаудың» жалақыны қысқарту туралы бұйрығы заңсыз деп танылды

/uploads/thumbnail/20170708201550057_small.jpg

Тамыз айында отандық металлургия алыбы «АрселорМиттал Темыртау» АҚ-ы басшылығы компания кәсіпорындарындағы жұмысшылардың еңбекақысын қысқарту туралы шешім шығарған. Теміртау қалалық соты компания басшылығының бұл бұйрығын заңсыз деп тапты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы BNews.kz-ке сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 4 тамызы күні «АрселорМиттал Темыртау» АҚ-ы бас директоры Виджай Махадеван компания кәсіпорындарындағы жұмысшылардың еңбекақысын 25 пайызға қысқарту туралы №495 бұйрыққа қол қойған.  Осыған орай металлургтердің «Жақтау» кәсіподағы наразылық танытып, Қарағанды облыстық прокуратурасы мен еңбек инспекциясы басқармасына шағым түсірген. Аталған мекемелердің компания бұйрығын заңсыз деп тауып, күшін жою туралы талаптарына «АрселорМиттал Темыртау» АҚ-ы басшылығы пысқырып та қарамаған.

Еңбекшілердің құқын қорғау мақсатында еңбек жөніндегі инспекторлар сотқа арызданған. Сот компания басшылығы еңбекақыны қысқарту туралы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі талаптарын бұзады деп танып, күшін жойып отыр.

Қатысты Мақалалар