Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласындағы Мұз сарайының төбесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы теріс ілінген. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Мой город» порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Аударыла ілінген туды бір сағатқа жуық уақыт ешкім байқамаған. Қате ілінген туды мекеме күзетшісі көріп қалып, қайта ілгізген.