ШҰҒЫЛ! АУЫР СЫРҚАТҚА ШАЛДЫҚҚАН БАУЫРЫМЫЗҒА КӨМЕК КЕРЕК!

/uploads/thumbnail/20170708201558213_small.jpg

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қайназар ауылының тұрғыны, (ҚХР Үрімжі қаласы жанындағы қазақ қыстағынан 2009 жылы көшіп келген, 2012 жылдан бері Қазақстан Республикасының азаматы) бауырымыз Әбілсейіт Басай созылмалы бүйрек ауруына (толық диагнозы: Созылмалы бүйрек ауруы. Созылмалы пиленофрит салдарынан болған 4, 5-сатыдағы бүйрек жетіспеушілігі) шалдығуына байланысты қаржылай көмекке мұқтаж.

Дәрігерлердің тексерісі мен тапсырылған нақтамалар (анализдер) науқастың қос бүйрегінің істен шыққанын және бүйрек ауыстыру керектігін көрсетіп отыр. Тегін донордың жоқтығынан мемлекет есебінен операция жасау мүмкін болмай отыр. Сол себепті де, Әбілсейіт бауырымыздың қыл үстінде тұрған өмірін сақтап қалу үшін бүйрек ауыстыруға мамандар 50 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат керектігін айтқан. 

Бүгінде Әбілсейіт күн сайын гемодиализ бағдарламасы бойынша аптасына 3 күн (әр күні 4 сағаттан) амбулаторлық ем қабылдауда.

Төрт жасында әке-шешеден жетім қалып, тұрмыс тауқыметін ерте тартқан, ағайынның көмегімен атамекенге оралып, осында отау тіккеніне бір жыл ғана болған Әбілсейіт бауырымыз осындай ауыр дертке шалдығып отыр.

«Қамшы» ақпараттық порталының редакциясына келген Әбілсейіт пен оның туыстары Сіз бен біздің бұл мәселеге бей-жай қарамай, көмек көрсететінімізге сенім артады.

Ауыр дертке шалдығып, жаны қиналған бауырымыздың жағдайына түсіністікпен қарап, қол ұшын созайық, ағайын!

 

Толық ақпараттарды мына телефондар арқылы ала аласыздар:

87774897360, 87715846311

Қаржылай көмек қабылдау үшін арнайы ашылған есеп-шот:

Kazkom, карта нөмірі: 4177790026336953

KZ72936001PN01627854

Киви әмияны мынау:8-747-342-40-99

Қытайдағы есеп-шот : 6228482898590749575(农业银行)

Tel:18703022357 

Жеке бас куәлігінің нөмірі: 032829393, ЖСН (ИИН) 890412303286

Фамилия: Басай

Аты: Әбілсейіт

Қатысты Мақалалар