Еліміздің ендігі үміті Элизабет болмақ

/uploads/thumbnail/20170708201557463_small.jpg

АҚШ-та мәнерлеп сырғанаудан өткен турнирде жерлесіміз жүлделі орын иеленді. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды

Алаштың айдай сұлу аруы АҚШ-та мәнерлеп сырғанаушылар арасында өткен турнирде Қазақ елінің намысын қорғап, төртінші орын алды. Нақтырақ айтсақ Элизабет Тұрсынбаева қоссайыс қорытындысы бойынша 178,56 ұпай жинаған. Ал «Skate America» турнирінің алтын медалін ресейлік Евгения Медведева жеңіп алды. Екінші орын-америкалық Грэйси Голдқа бұйырды, үздік үштікті Сатоко Мияхара қорытындылады. 

Естеріңізге сала кетейік Элизабет Тұрсынбаева ересектер арасындағы турнирге осы жылы бірінші рет қатысып отыр. Жасы не бәрі 15 жаста болса да ол халықаралық байқауда 4 орын алып отыр. Демек Қазақ елінің ендігі үкілі үміті Элизебет болады деп нық сеніммен айта аламыз.

Қатысты Мақалалар