Елімізге ресми сапармен келген Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Елбасы Н. Назарбаев Жапония Премьер-министрін лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, елімізге ресми сапармен келгеніне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, Президент Қазақстан мен Жапонияның ядролық сынақтан зардап шеккен елдер екенін айта келе, Астана қаласының Бас жоспарын жапон архитекторы жасағынын тілге тиек етті. «Байқасаңыз қазақтар мен жапондар қатты ұқсайды. Бұл тегін емес. Тарихшылар екі халықтың туыс екенін айтады»,- деді өз сөзінде Н. Назарбаев. Жапония Премьер-министрі Н. Назарбаевқа екі ел арасындағы қатынасты нығайту үшін жапон кәсіпкерлерлерін де ерте келгенін айтты.