Зәуреш Аманжолова «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170708201624370_small.jpg

Жақында Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымынан босаған Зәуреш Аманжолова «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл кадрлық шешімді партия филиалы саяси кеңесінің бюросы бір ауыздан қолдады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы партия баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі және партия филиалының төрағасы Бауыржан Байбек Зәуреш Аманжолованы жаңа лауазымға тағайындаулымен құттықтап, еліміздің саяси өмірінде әйелдердің рөлі күннен-күнге артып келе жатқанын атап өтті. Зәуреш Аманжолова партия филиалы жетекшісі болып тағайындалған алғашқы әйел екені айтылады баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін филиал төрағасы орынбасарының міндетін атқарған Кенжахан Матыжанов қалалық дін істері жөніндегі басқарма бастығы болып тағайындалған еді.

 

Қатысты Мақалалар